Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы елордада өтетін жабық ғимараттағы Азия чемпионатының 2023 жылға шегерілгенін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлап, «Омикрон» штамының өршуіне байланысты Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясы жабық ғимараттағы Азия біріншілігінің 2023 жылға шегерілгенін мәлімдейді», делінген федерацияның хабарламасында.
Айта кетейік, Азия чемпионаты биылғы жылдың ақпанында Нұр-Сұлтанда өтуі тиіс еді.