Бұл туралы curiosmos.com сайты мәлімет таратты. Сондай-ақ, Ұлттық географиялық қоғам жер бетінде бесінші мұхит бар екенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
1937 жылы Халықаралық гидрографиялық ұйым Оңтүстік мұхитты мойындағанмен, 1953 жылы ғылыми ортаның қысымымен бұл шешім күшін жойған еді.
Бұл мұхитты көпшілік Тынық, Атлант және Үнді мұхиттарының жалғасы деп таныған соң, ғалымдар көп жылдар бойы оқшаулау мәселесін талқылап келеді. Сарапшылар Антарктика суларының өзіндік ерекшеліктері бар деген қорытындыға келді. Бұл оларды жеке мұхит ретінде белгілеуге мүмкіндік бермек.