• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Қаңтар, 2022

Парламент депутаттары бір күндік жалақысын «Қазақстан халқына» қорына аударды

296 рет
көрсетілді

Сенат пен Мәжіліс депутаттары ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құру туралы бастамасын қолдай отырып, өздерінің бір күндік жалақысын осы қорға аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылдың 11 қаңтарында Мәжіліс отырысында сөйлеген сөзінде «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құруды тапсырған болатын.

Қор денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау саласындағы нақты проблемаларды шешумен айналысатын болады.

Президент атап өткендей, қорда жинақталған қаржы сирек кездесетін аурулары бар балаларға көмек көрсетуге, қалаларда, аудандарда, кенттерде, ауылдарда балаларға арналған спорт нысандарын салуға, қабілетті балаларға қолдау көрсетуге және басқа да әлеуметтік мақсаттарға бағытталатын болады.