• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қаржы 17 Қаңтар, 2022

ҚР Президенті Іс Басқармасының қызметкерлері «Қазақстан халқына» қорына қолдау көрсетті

200 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының орталық аппараты мен оған қарасты барлық ведомстволық ұйым ұжымы Мемлекет басшысының «Қазақстан халқына» әлеуметтік қоғамдық қорын құру туралы бастамасын қолдап, бір күндік жалақыларын аударуды ұйғарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Аталған қор «денсаулық сақтау, білім беру салаларында, әлеуметтік жәрдем көрсетуде қордаланған мәселелерді шешумен» айналысатын болады. Мысалы, сирек кездесетін сырқатпен ауыратын балаларға көмектеседі, себебі көптеген отбасы үшін емдеу шығыстары жетіспей жатады. Қабілетті балаларға, мәдениетке қолдау көрсетеміз, өткендегі оқиғадан кейінгі қиын жағдайда қалған Алматыға жәрдем береміз. Осы қордың қаражатынан біз қайтыс болған полицейлер мен әскери қызметшілердің отбасыларына көмектесеміз», деді Қазақстанның Президенті.  

Мемлекет басшысы «Қазақстан халқына» қоры қоғамның бірігу құралы бола алатынын атап өтті.