• RUB:
    5.02
  • USD:
    487.24
  • EUR:
    529.34
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 17 Қаңтар, 2022

Айдос кубалық әлем чемпионымен жұдырықтасуы мүмкін

433 рет
көрсетілді

Екінші орта салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы, кубалық боксшы Давид Морелламен жұдырықтасуы ықтимал, деп хабарлайды Egemen.kz.

Соңғы деректерге сенсек, екі боксшының командасы жекпе-жекті өткізу мәселесі бойынша келіссөздерді бастап кеткен. Алайда кездесудің қай айда өтетіні туралы әзірге нақты ақпарат жоқ. Әйткенмен қазақ оғланы кезекті жекпе-жегіне дайындықты осы аптада бастайтыны белгілі. Соған қарағанда тараптар келісімге келіп жатса, екі боксшы 2-3 айдың көлемінде рингте кездесуі бек мүмкін.