Елордалық жасөспірім есігі ашық қалған өзгенің көлігін сатып, пайда таппақ болған, деп хабарлайды Egemen.kz астаналық комендатураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицияға елорда тұрғынынан түнгі уақытта Бейбітшілік көшесіндегі үй ауласынан белгісіз біреу ақауы бар Lada Priora көлігін ұрлап кеткені туралы арыз түскен.
«Көлік иесі есікті ұзақ уақыт ашық қалдырғаны белгілі болды. 17 жастағы жасөспірім осы жағдайды пайдаланған. Өзін көлік иесімін деп таныстырған жігіт танысына аз сомаға «көлігін» сатып алуды ұсынған. Сатып алушы көлікті тіркеп, сүйреп алып кеткен», делінген хабарламада.