• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Қаңтар, 2022

Сағынтаев бүлік кезінде қаза тапқан көпбалалы ананың отбасымен кездесті

217 рет
көрсетілді

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тәртіпсіздік кезінде қайтыс болған әйелдің отбасымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қала әкімі артында төрт баласы қалған марқұмның туыстарына көңіл айтып, көпбалалы отбасыға тұрғын үй бөлу мәселесін бақылауға алды.

5 қаңтар кешке марқұм әйел жөргектегі сәбиіне шұғыл түрде дәрі-дәрмек қажет болғандықтан, қаладағы келеңсіз жағдайға қарамастан көшеге шыққан. Оқ тиген 35 жастағы әйел алған жарақатынан көз жұмды.

Марқұмның күйеуі 2014, 2017, 2019 және 2021 жылдары туған балалармен бірге жалғыз қалды.

Осы уақытқа дейін ерлі-зайыпты 4 баласымен бірге жалдамалы пәтерге тұрған.