Қостанай облысында бүгін, 18 қаңтар күні сағат 10:00-де Қостанай-Мамлютка трассасының 118-шақырымында жол апаты болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Қостанай облыстық ПД мәлім етті.
Полиция мәліметінше, көктайғақтан Меңдіқара ауданының жедел жәрдем көлігі мен «Нива» көлігі соқтығысқан. Салдарынан «Ниваның» 67 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал жедел жәрдем жүргізушісі мен екі жолаушы ауруханаға жеткізілген.
Жол апатының себеп-салдары анықталуда.