«Ертістің» бұрынғы директоры Жанайдар Дүйсембаев салықтан жалтарғаны үшін бір жарым жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодарлық «Ертіс» футбол клубының экс-директоры Жанайдар Дүйсембаев клубты 2016-2018 жылдар аралығында басқарған.
Айта кетейік, клубтың басқа бұрынғы жетекшілері Серік Умарханов пен Ардақ Тұрсұқпаев та қамалған еді.