Қазақстан тарихында тұңғыш рет олимпиадалық құраманың формасы қазақша QAZAQSTAN деген атаумен шығады, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Маңызды элементті халықаралық белгіден ұлттық белгіге өзгерту үшін Халықаралық Олимпиада комитетінен арнайы рұқсат алынды. Бұл ретте Қазақстан ХОК-тың үш әріптік кодтарының тізімінде KAZ белгісімен қала береді. Өйткені аббревиатура халықаралық стандартқа сәйкес пайдаланылады.
Қазақстан ҰОК ана тілінде дайындалған олимпиадалық киім-кешектің маңызды элементтерінің бірі атлеттерге сенімділік беріп, олар үшін отандастарды қолдаудың символына айналатынына сенеді.
«Олимпиада ойындары - ең алдымен үздік атлеттер өз байрағымен шығатын достық пен бейбітшіліктің үлкен фестивалі. Бұл тек спортшылар үшін ғана емес, өз командаларын қолдайтын барлық жанкүйер үшін маңызды оқиға. Олимпиада кезіндегі кез – келген жабдыққа басты назар аударылады. Сондықтан ел атауының QAZAQSTAN деп жазылуы - ұлттық құраманы және бүкіл елді әлемдік қауымдастық алдында өте маңызды қадам болып саналады. Қазақ мәдениетінің ұлттық элементтері форма дизайнында халықтың салт-дәстүрлері мен өзіндік ерекшелігін ерекше атап өту үшін әрқашан да маңызды рөл ойнайтын. Біздің шетелдік әріптестеріміз жаңа жазуға жоғары баға берді. Біздің атлеттерге де форманың жаңа элементі ұнайтынына сенімдіміз. Олимпиадашылар - Қазақстанның шетелдегі маңызды елшілері. Сондықтан біздің отандастарымыз біздің командамызға - өз командасына қолдау көрсетеді деп үміттенеміз», деп атап өтті еліміздің Ұлттық Олимпиадалық комитетінде.