• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 19 Қаңтар, 2022

Жаттығуға барғым келмей қалды – Риота Мурата

410 рет
көрсетілді

WBA (super) тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Риота Мурата IBF, IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинге қарсы өтетін шайқас кейінге шегерілгенде қандай күйді басынан кешіргенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Геннадий Головкинге қарсы өтетін жекпе-жек уақыты карантиндік шектеулерге байланысты кейінге шегерілген кезде жүрегіме кәдімгідей салмақ түсті. Тіпті жаттығу залына барғым келмей, кежегем кейін тартқан уақыттар да болды. Әйткенмен, өз-өзіме келіп, жаттығуды бастадым. Қазір дайындық жұмыстары ойдағыдай жүріп жатыр», деді жапониялық боксшы ойын түйіндеп.