UFC президенті Дана Уайт аралас жекпе-жек тарихындағы үздік үш спортшының атын атады. Олардың қатарында ресейлік мықты Хабиб Нурмагомедов жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Менің түсінігімдегі үздік спортшылар мыналар: Андерсон Силва, Жорж Сен-Пьер, Джон Джонс. Біздің ұйымда 15 жекпе-жекті қатарынан жеңген Камару Усман да осы тізімге енуге жақындап қалды. Ол жеңісті жорығын жалғастыра беруі керек», деді ұйым басшысы.