• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Экономика 19 Қаңтар, 2022

Asiamoney басылымы қазақстандық қаржы ұйымын үздік деп таныды

312 рет
көрсетілді

Asiamoney халықаралық қаржылық басылымы ForteBank-ті үшінші рет қатарынан үздік банк деп таныды, деп жазады Egemen.kz.

Бұл марапатты ForteBank  2019 және 2020 жылдары да алған еді.

Asiamoney пікірінше, ForteBank активтер мен пассивтерді орынды басқару, әртараптандырылған портфель және бизнестің барлық сегментінің жақсы теңдестірілген өсімінің нәтижесінде 2021 жылдың үздік банкі деп танылды.

«Forte командасының жұмысын Asiamoney жоғары бағалауы біз үшін үлкен мәртебе. Forte командасы мықты, ол бұдан әрі де клиенттеріміз үшін сервистерді жақсартып, кеңейтейтіндігіне сенімдімін», деді Басқарма Төрағасы Реинис Рубенис.

Айта кетейік, аталған марапат жыл сайын беделді қаржы аналитиктері қаржы ұйымдарының қызметін зерттеу және клиенттер мен серіктестерінің пікірлері негізінде беріледі.