WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Деметриус Андраде Жәнібек Әлімханұлымен кездесуден бас тартып, екінші орта салмақ дәрежесіне ауысса, қазақстандық боксшы бос қалған белдік үшін басқа қарсыласпен шаршы алаңда жұдырықтасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Егер менің ұлым Жәнібекпен кездесуден бас тартса, рейтингте бірінші тұрған мексикалық боксшы Хайме Мунгия қандай қадамға баруы мүмкін. Ол қаласа да, қаламаса да қазақ боксшысымен қолғап түйістіруге мәжбүр болады. Ал Деметриус Жәнібекпен шаршы алаңда кездессе, онда Мунгия кейін бәрібір менің ұлыммен жолығудан бас тартады. Жағдай солай», дейді Деметриус Андраденің әкесі Пол Андраде өз ойымен бөлісіп.