Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Фаниль Рафиков жаттығу залына оралды. Ол кезекті жекпе-жегіне дайындықты бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өткен жылдың желтоқсан айында сегіз бұрышқа оралып, қырғыз оғланы Қаныбек Жәнібекұлын техникалық нокаутпен жеңген отандасымыз алдағы екі-үш айдың бедерінде октагонға шығады. Оны жанкүйерлері «қазақстандық Макгрегор» атап кеткені белгілі.