Белгілі промоутер Эдди Хирн WBC тұжырымы бойынша аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы Тайсон Фьюри мен қалған белбеулердің иегері Александр Усик арасында өтуі мүмкін жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ол өз сөзінде мұндай шайқас өтуі үшін ұлыбританиялық боксшы Энтони Джошуа Александр Усикке қарсы өтетін қарымта шайқастан бас тартуы керектігін,ол үшін Усиктің командасы 40 миллион фунт стерлинг өтемақы төлеуі қажеттігін еске салды. Осындай жағдай жасалғанда ғана Фьюри-Усик шайқасы кедергісіз өтетінін ескертті.