• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 21 Қаңтар, 2022

WBO Андраденің Әлімханұлымен кездеспеуіне мүмкіндік берді ме?

672 рет
көрсетілді

WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, америкалық боксшы Деметриус Андраденің міндетті қарсылас Жәнібек Әлімханұлымен кездесуден бас тартуына тағы бір мүмкіндік беріліп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Иә, екі боксшының жекпе-жегін өткізу үшін ұйымдастырылатын промоутерлік сатылым тағы бір аптаға кейін шегерілді. Ұйым басшылығы мұны коронавирустық инфекцияның өршуімен байланыстырды. Осылайша промоутерлік сатылымның екінші мәрте датасы ауысты.

Бұл жағдайдан бір ғана мәселені түсінуге болады. АҚШ боксшысы екінші орта салмақ дәрежесіне көтеріліп, ондағы уақытша чемпион Зак Паркермен шайқас мәселесін аз уақытта реттеуге талпынып жатыр. Олай болмаған жағдайда амалсыз қазақстандық боксшымен промоутерлік сатылымсыз жедел келіссөз жүргізуге күш салуы ықтимал. Әйткенмен екінші нұсқадан гөрі бірінші нұсқа көбірек шындыққа жанасатын секілді. Андраде Паркермен кездесіп оны жеңсе, Сауль Альварестің міндетті қарсыласы атанады. Қысқасы промоутерлік сатылым уақыты 28 қаңтарға ауысты. Әліптің артын бағайық.