• RUB:
    5.02
  • USD:
    487.24
  • EUR:
    529.34
Басты сайтқа өту
Жекпе-жек 21 Қаңтар, 2022

Джонс әлем чемпионы атағына таласуы керек – Генри Сехудо

294 рет
көрсетілді

UFC-дің екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпионы Генри Сехудо ұйымның жартылай ауыр салмақтағы экс чемпионы Джон Джонс ауыр салмақта әлем чемпионы атағы үшін шайқасқа шығуы тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ұйым басшылығы Джон Джонстың әлем чемпионы атануына мүмкіндік бермесе, ақымақтық болар еді. Ол аралас жекпе-жек әлемінде өзіндік ойып алар орны бар ұлы спортшы екені даусыз. Сондықтан оның қол жеткізген жетістіктерін құрметтеу керек. Қысқасы, Джон Джонс ауыр салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы атағына таласуы керек», деп жазды ол өзінің инстаграмдағы парақшасында.

Бұған дейін UFC президенті Дана Уайт Джон Джонстың осы жылы октагонға оралатынын хабарлаған болатын. Спортшының өзі өткен жылдың тамыз айында жаттығу залына оралғаны мәлім.