• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Саясат 22 Қаңтар, 2022

Лавров пен Блинкеннің келіссөздері аяқталды

210 рет
көрсетілді

Женевада Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Ресейдің қауіпсіздік кепілдігі жөніндегі ұсыныстары бойынша келіссөздері аяқталды, деп хабарлады Egemen.kz.

Олар жоспарланған уақыттан аз, бір жарым сағат сөйлескен. Сыртқы істер органдары басшыларының кездесуі Мәскеу уақытымен 13:00-де басталған.  

Отырысты ашқан Лавров Мәскеудің АҚШ Мемлекеттік хатшысымен келіссөздерден ешқандай серпіліс күтпейтінін, бірақ қауіпсіздік кепілдігі бойынша жауап күтіп отырғанын атап өтті.

Блинкен болса АҚШ-тың Ресеймен диалогқа дайын екенін айтты.

«Бұл сыни сәт. Сіз дұрыс айтасыз, біз қазір және осы жерден нәтиже күтпейміз, бірақ мен дипломатияның мүмкіндіктері ашық қалады деп үміттенемін. Қалыптасқан қайшылықтарды бейбіт жолмен шешкеніміз жөн»,  деді ол.