Көптеген ел вирустың аса жылдам таралып жатқанын айтып дабыл қағуды жалғастырып жатыр. Пан Америкалық Денсаулық сақтау ұйымы (PAHO) COVID-19 вирусы Америка құрлығында бұрын-соңды тіркелмеген сандарды көрсетіп жатқанын айтады. Соңғы аптада 7,2 миллион науқас анықталған, COVID-19 індетімен байланысы бар 15 мыңнан астам өлім тіркелген.
PAHO ұйымының директоры Карисса Этьен вирустың бұрынғыдан да аса жылдам таралып жатқанын мәлімдеді. Аймақтық агенттік Кариб бассейнінде пандемия басталған екі жылда науқас санының күрт өскенін хабарлады. Солтүстік Америкада, Америка Құрама Штаттарында және Канадада ауруханаға түскен науқастар саны артқаны байқалады.
Латын Америкасы мен Кариб бассейніндегі адамдардың 60 пайыздан астамы COVID-19-ға қарсы вакцина алғанына қарамастан, «Омикрон» барлық аймақтарда тез таралып жатқан көрінеді.
Бразилия бір тәулікте рекордтық 137 103 науқасты тіркеген. Бұл Латын Америкасында «Омикрон» таралғалы бері, былтыр маусым айында тіркелген бір тәуліктегі ең жоғары көрсеткіш – 115 228 адамнан асып кеткен.
Вирустың аса жылдам таралып жатқанын тек Латын Америкасы ғана емес, әлемнің басқа да елдері айтып, мамандар дабыл қағып жатыр.