Бұл күндері Эстония астанасы – Таллинде мәнерлеп сырғанаудан «Төрт құрлық чемпионаты» өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күнінде ерлер қысқа бағдарлама жарысында бақ сынады.
Бұл сында ел намысын Михаил Шайдоров пен Диас Жирентаев қорғады. Ерлер арасындағы қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша М.Шайдоров 75,96 ұпай жинап, 8-орынға табан тіреді. Ал тағы бір жерлесіміз Д. Жирентаев 66,92 ұпаймен 12-орыннан көрінді. Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша Оңтүстік Корея өкілі Чха Чжун Хван 98,96 ұпаймен көш бастап келеді. Екінші және үшінші орынды жапониялық спортшылар Казуки Тамоно (97,10) мен Као Муира (88,37) өзара бөлісіп тұр.
Айта кетейік, бұған дейінгі «Төрт құрлық чемпионатында» екі жерлесіміз жеңіс тұғырынан көрінген болатын. 2015 жылғы додада Денис Тен топ жарса, 2019 жылы Элизабет Тұрсынбаева күміс жүлде иеленген еді.