• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экономика 24 Қаңтар, 2022

Қазақстанда базалық мөлшерлеме өсті

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме жылдық 10,25 пайызға дейін өсетінін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/-1,00 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 10,25 пайыз деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. Тиісінше, өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 11,25 пайыз, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме – 9,25 пайыз болады», делінген хабарламада.

Ұлттық банк мәліметінше, шешім инфляция 2022 жылдың аяғына қарай белгіленген 4-6 пайыз нысаналы дәлізге кіру қажет екені ескеріле отырып қабылданған.

Соңғы жаңалықтар