• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Жекпе-жек 24 Қаңтар, 2022

Хамзат Чимаев әлеуметтік желі арқылы қарсыласына шүйлікті

446 рет
көрсетілді

UFC-де қарсыластарын әлеуметтік желі арқылы мұқатумен танылған Швеция спортшысы Хамзат Чимаев кезекті қарсыласына твиттер арқылы шүйлікті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Швеция намысын қорғап жүрген шешен жігіті бүгінде Таиландта дайындығын пысықтап жатқаны мәлім. Ол жаттығу залында құр жүрмей, бразилиялық қарсыласы Гилберт Бернстің шамына тиіп қойғанды ұмыт қалдырмады.

«Октагонда өлуге дайын бол, бала» деген мәтінде твиттерде жазба қалдырған ол қарсыласын белгілеуді де есінен шығармаған. Соңғы рет өткен жылдың қазан айында қытайлық аралас жекпе-жек шеберін қылқындыру әдісімен жеңген ол орта салмақта әлем чемпионы атағына қол жеткізгісі келеді.

Гилберт Бернс бұған дейін әлем чемпионы Камару Усманға қарсы сегіз бұрышқа шығып, қарсыласына есе жіберген еді.