WBO тұжырымы бойынша орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Деметриус Андраденің әкесі Пол Андраде телеарналардың басшылары мен промоутерлер орта салмақтағы үздіктердің турнирін ұйымдастыруға құлықты еместігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Орта салмақ дәрежесінде «Канело» кеткелі бері чемпиондар арасында шайқас өткен жоқ. Үздіктер нені күтіп жүргенін түсінбеймін. Әрине, бәрі «Канелоға» қарсы рингке шығып, қомақты табыс тапқысы келеді. Алайда ылғи ақшаның соңында кетуге болмайды. Орта салмақтың деңгейін көтеру үшін мықтылар бір-бірінен қашпауы керек. Қазір телеарна басшылары барлық бюджетті Геннадий Головкин мен Сауль Альвареске салып жүр. Олар шын мәнінде мықтылармен жұдырықтасып жүрген жоқ. Одан гөрі үздік алты боксшы арасында турнир ұйымдастырса әлдеқайда тиімді болар еді», деді ол өз ойын түйіндеп.