• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Жекпе-жек 25 Қаңтар, 2022

Джастин Гэтжи әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды

462 рет
көрсетілді

UFC-де жеңіл салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген америкалық аралас жекпе-жек шебері Джастин Гэтжи аталмыш салмақтағы әлем чемпионы, бразилиялық Чарльз Оливейраға қарсы октагонға шыққысы келетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Конор Макгрегор әлем чемпионы атағына келесі үміткер болады деген бос сөз ғой. Мен бұл тақырып туралы айтқым да келмейді. Адамдардың дәл осы сауалды қоя беретіні мені таңғалдыралды. Оның аяғы сынғаны баршамызға мәлім. Журналистер мәселемен жақсы таныс бола тұра дәл мұндай сұрақ қоймауы тиіс. Өйткені оның жарақаты ауыр екені шындық. Ал мен жекпе-жекке дайынмын», дейді ол өз ойын түйіндеп.