• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Қаңтар, 2022

Мемлекеттік хатшы мен жазушылар қаңтардағы оқиғаларды талқылады

462 рет
көрсетілді

25 қаңтар Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин зиялы қауым өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Кездесуде еліміздің әдеби-мәдени, руханият саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, елімізде орын алған соңғы оқиғаларға, мемлекет дамуына, ұрпақ тәрбиесіне, жастарды патриоттыққа тәрбиелеуге қатысты ой алмастық. Жалпы, мемлекеттің қуатты болуының бір тірегі – руханият. Сондықтан елімізде әлеуметтік, экономикалық, саяси реформалар жүргізуден бөлек рухани жаңғыруы да өзекті мәселе. Бұл ретте шығармашылық қауымға артылар жауапкершілік те зор болмақ», деп жазды Ерлан Тынымбайұлы әлеуметтік желіде. Кездесуде белгілі жазушы Дулат Исабеков, Кәдірбек Сегізбай, Смағұл Елубай ақыл-кеңестерін айтты.