• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Қаңтар, 2022

Қостанай облысында героиннің ірі партиясы тәркіленді

154 рет
көрсетілді

Қостанай облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері прокуратура органдарымен бірлесіп жеке кәсіпкерді ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Одан жарты келіден астам героин тәркіленді. Мұндай зат есірткі заттарын табуға үйретілген «Герда» атты қызметтік іздестіру итінің көмегімен тоңазытқыштың ішінен табылды. ​

Оның бұрын есірткі қылмысы үшін сотталған сыбайласының пәтерінен де бір реттік дозалар бойынша өлшеп, оралған тағы 22 грамм героин табылды. Барлығы осындай 36 түйіншек тәркіленді. Айта кетейік, оның жұбайы 2015 жылы есірткі үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған», деп жазылған Қостанай облысының ПД таратқан хабарламада.

Күдіктілер УҰИ-на қамалып, оларға қатысты аса ірі көлемде есірткі заттарын сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру және дүние мүлкін тәркілеу қарастырылған.

Осылайша, 3 мыңға жуық «ауыр» есірткінің бір реттік дозасының таралуына жол берілген жоқ. Одан әрі тергеу-жедел іс-шаралары жүргізілуде.