• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 26 Қаңтар, 2022

Андраденің әкесі Жәнібекті елемегендей кейіп танытты

1214 рет
көрсетілді

WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Деметриус Андраденің әкесі әрі бапкері Пол Андраде мықты қарсыластар үнемі баласымен кездесуге батылы жетпегенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Деметриустің кәсіби мансабында мықты қарсыластармен кездесуі мұң болды. Джейсон Куиглиден өзге қарсыластардың барлығы онымен жұдырықтасқысы келмеді. Әлемдік рейтингте үздіктер қатарында жүрген мықтылардың барлығы әйтеуір сылтау тауып, сытылып кетіп жатты. Өкініштісі де сол», деді Пол Андраде сұхбаттарының бірінде.

Пол Андраде Жәнібек Әлімханұлының Деметриусті бірнеше мәрте жекпе-жекке шақырғанын әдейі есінен шығарды ма, әлде елемеген кейіп танытты ма, ол жағы белгісіз. Бір анығы, қазір Деметриустің өзі қазақ боксшысымен шаршы алаңда кездесуге құлықсыз.

Соңғы жаңалықтар