• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Футбол 26 Қаңтар, 2022

Эндрикке алып клубтардың аңсары ауды

436 рет
көрсетілді

Бразилиялық «Палмейрас» футбол клубының 15 жасар футболшысы Эндрикке Еуропаның үздік клубтары көз тігіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бозбала футболшының жасыл алаңдағы шеберлігі Испанияның «Реал», Англияның «Манчестер Сити», Францияның «Ренн» футбол клубының өкілдерін тәнті еткен. Жасыл алаңда айрықша ойын өрнегімен көзге түскен футболшыны Мадридтің «Реал» футбол клубының жетекшілері бақылап жүргені бұған дейін де бірнеше мәрте айтылған болатын.  

Қалай болған күнде де әзірге Еуропа алпауыттары футболшыны қатарына қоса алмайды. Өйткені орталық шабуылшы бар болғаны он бес жаста екені мәлім. Ал қандайда бір команданың трансферлік жоспарына кіру үшін футболшы кәмелет жасына толуы керек. Әйткенмен, кәрі құрлық алпауыттары қазірден бастап футболшының басын айналдырғысы келетін секілді.