WBC тұжырымы бойынша аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы, ұлыбританиялық Тайсон Фьюридің міндетті қарсыласы Диллиан Уайт чемпиондық жекпе-жекке шыққысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Маған керегі – шаршы алаңдағы соғыс. Бар қалауым – дивизиондағы шын мықтылармен шаршы алаңды бөлісу. Тайсон Фьюри, Энтони Джошуа секілді боксшылар мен Эдди Хирн секілді промоутердің «анау айтты, мынау бүйтті» деген сөздері мені шаршатты» деп жазды ол өзінің инстаграмдағы парақшасында.
Тайсон Фьюри мен Диллиан Уайт арасындағы шайқас осыдан біршама уақыт бұрын өтуі тиіс еді. Алайда Уайт өзіне ұсынылған гонорарды місе тұтпайтынын жеткізген болатын. Жалпы Фьюри-Уайт кездесуінің тағдыры промоутерлік саудада шешімін табуы тиіс. Алайда промоутерлік сауданың уақыты бір емес, бірнеше мәрте кейінге шегерілді.