Уганданың солтүстік-батысындағы Ұлттық саябақта Сауд Арабиясынан келген туристті піл таптап өлтірді, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға сейсенбіде Мурчисон сарқырамасында орын алды.
Жергілікті табиғат қорғау органдарының өкілі түсіндіргендей, саябақта болған турист пен оның үш серігіне пілдер шабуыл жасаған.
Алып жануар шабуылдаған кезде марқұм көліктен алыс жерде болып, ашулы пілден қашып кете алмады деп хабарланған.