Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін – 9 156 377 адам, 2-ші компонентін 8 726 612 адам салдырды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді деп жазады Egemen.kz.
Тұрғындарды вакциналау қарқыны жоғары өңірлер:
Түркістан облысы (толық егілді – 1 039 738 адам),
Алматы қаласы (1 031 517),
Шығыс Қазақстан облысы (904 357),
Алматы облысы (861 123),
Жамбыл облысы (590 016).
Нұр-Сұлтан қаласында коронавирусқа қарсы толық егілгендер саны – 453 454 адам.