• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Елорда 27 Қаңтар, 2022

Кіші Талдыкөл ісі қайта қаралатын болды

494 рет
көрсетілді

Елордадағы Кіші Талдыкөлге қатысты іс 2022 жылдың 9 ақпанында қаралады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты «Аqiqat» корпоративтік заңгерлер коалициясы» ҚБ талап-арызы туралы іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау туралы шешім қабылдады.

Іс бойынша жауапкерлер «Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты» ММ және «Астана - Технополис» арнайы экономикалық аймағының Басқарушы компаниясы» АҚ болып табылады.

«Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 225-бабы 3-бөлігі негізінде, сот осы іс бойынша қосымша мән-жайларды анықтау мақсатында шешім шығару үшін істі қайта қарайды. Мәні бойынша қаралғаннан кейін әкімшілік істің материалдарын зерттеу қайта жүргізілетін болады», деді судья Жанар Дүйсенова.

Судья әкімдік өкілі үшін сотқа ұсынылуы қажет құжаттарды атады. Атап айтқанда, бұл егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына, бас жоспарға сәйкес 2012 жылдан бастап 2020 жылға дейін Кіші Талдыкөл көлдері тобы кіретін жерлерді нысаналы тағайындау туралы 2020 жылғы желтоқсанда шығарылған елді мекен жерлеріне ауыстыру туралы қаулыға қатысты мәліметтер.

«Астана-Технополис» АЭА Басқарушы компаниясы SAT-NS ЖШС-мен жасалған барлық 16 қосалқы жалдау шарттарын, жер учаскелерін сегменттеу туралы, осы учаскелерді игеру кезеңдері туралы мәліметтерді ұсынуға тиіс.

«Іс 9 ақпанда, сағат 10:30-да тыңдалады», деді судья.