• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 27 Қаңтар, 2022

Әлімханұлы Фалькаоның ұсынысына жедел жауап берді

465 рет
көрсетілді

Деметриус Андраде орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағынан бас тартқаннан кейін бразилиялық кәсіпқой боксшы Эскива Фалькао Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырған болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жәнібек, мен сенімен жұдырықтасқым келеді. Әлем чемпионы атағына таласайық. Екеуміз бір промоутерлік ұйымдамыз. Мен саған сенен мықты екенімді дәлелдеймін» деген Фалькаоның ұсынысына Жәнібек жедел жауап берді. Отандасымыз «Мен дайынмын!» деп әңгімені қысқа қайырды.