Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Арман Оспанов Хабиб Нурмагомедов жетекшілік ететін Eagle FC лигасында өзінің дебюттік жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Франция спортшысы Дилан Сальвадорға қарсы сегіз бұрышқа шығатын отандасымыз салмақ өлшеу рәсіміне қатысты. Жаңа лигада екі спортшы да тұңғыш рет жекпе-жекке шығады. Шайқас 29 қаңтар күні АҚШ-та өтеді. Букмекерлік кеңселер Оспанов-Сальвадор кездесуінде қазақ оғланын фаворит санап отыр.