• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Тағайындау 29 Қаңтар, 2022

Қостанай облысы полициясының жаңа бастығы тағайындалды

530 рет
көрсетілді

Қостанай облысы Полиция департаментінің басшысы болып Ерлан Омарбеков тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осы тағайындауға дейін ол ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы қызметін атқарған.

«Президент Әкімшілігімен келісу бойынша Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Қостанай облысы Полиция департаментінің бастығы қызметіне полиция полковнигі Ерлан Омарбеков тағайындалды.

Полиция департаментінің жеке құрамына жаңа басшыны Ішкі істер министрі таныстырды», деп хабарлады полициядан.

Ерлан Болатұлы Омарбеков 1971 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Құқық қорғау органдарында 1993 жылдан бері қызмет атқарып келеді.

Еңбек жолын полиция батальонында милиция қызметкері болып бастаған.

Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында түрлі басшылық лауазымдарды атқарған.

ҚР Ішкі істер министрлігінің басшылық қызметінде үлкен тәжірибесі бар – Криминалдық полиция комитеті төрағасының орынбасары болды, соңғы жұмыс орны –

ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы.

Ал Қостанай облысы Полиция департаментін алты жылдан астам уақыт басқарып келген Бекет Аймағамбетов ҚР ІІМ қарамағына алынды.