• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
Пікір 31 Қаңтар, 2022

Қателіктерді түзету – жауапты саясаттың көрінісі

262 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың билеуші партияның жаңа Төрағасы ретіндегі сөзі елдегі өзгерістердің жүйелі әрі сапалы түрде жүретінін байқатты.

Демократиялық дәстүрлері мен тәжірибесі әлі пісіп-жетілмеген орта үшін бәлкім жалғыз да оңтайлы жол осы. Айна­лып келгенде популизмге салынып, «битке – өкпелеп, тонды отқа тастай салу» оңайдың оңайы. Ал барымыз­ды сақ­тай отырып, орын алған қателіктерді түзету – жауапты саясаттың көрінісі. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы өткен жылғы сайлауда партия халықтың білдірген сенімін жеткілікті дәрежеде ақтай алмады, салдарынан әлеуметтік-экономикалық ахуалдың нашарлауына жол берді деді. Сайлауалды бағдар­ламаның іске асырылуы көпшілік жағ­дайда көңіл көншітпейді. Мұның соңы қоғамдағы наразылықтың күшеюіне алып келді. Праймеризді жүргізіп партияның іштей жаңарғаны, өкінішке қарай, елдегі қордаланған түйткілдерді еңсеруге әлі жетпеді. Сондықтан басты мақсат орын алған кемшіліктерді шынайылықпен мойындап, халықтың мүддесін қорғау тұрғысында кадрлық тағайындаулармен қатар нақты тапсырмалар берілді. Жаңа Төрағаның сөз бен істің сабақтастығына ерекше мән беретінін ескерсек, алдағы уақытта партияның жұмысына жан бітеді деген үміт зор.

 

Расул ЖҰМАЛЫ,

саясаттанушы