• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Пікір 31 Қаңтар, 2022

Саяси бәсекелестік – даму кепілі

717 рет
көрсетілді

Қазақстанды саяси реформалардың күтіп тұрғаны анық. Оның шет жағасы Президенттің отандық телеарнаға берген сұхбатында тағы айтылды. Еліміздің саяси құрылымы жанданатын күнді асыға күткен адам аз емес.

Саясаттағы бәсекелестік жалпы қоғамның, экономиканың дамуына бастайтыны сөзсіз. Сондай-ақ сайлауда саяси пар­тиялардың легитимді жеңіске жетуі өзге партиялар арасын­дағы доданы арттыра түспек.

Президент өз сөзінде пар­ламенттік және партиялық жү­йені реформалау туралы айтып өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшы­сы Парламенттің төменгі па­латасында бірнеше мықты пар­тия болуға тиіс деген пі­кір біл­дірді. Бұл еліміздегі сая­си ре­­форманың негізі бағыт­тары деп ойлаймын. Көппар­тия­­лық­тан қорықпау керек. Бәсекелес пар­тиялар арқылы саяси мәдениет қалыптасады.

Қазір қазақстандық саяси мәдениетті қалыптастыру жа­йында жиі айтылып жатыр. Пар­ла­мент­те бәсекелес бірнеше партия­ның болуы қоғамымызда саяси мәдениеттің нығаюына ық­пал етеді. Партиялар қоғам­ның түрлі жігі мен тобының мүддесін қорғайды. Бұл мә­селелер, ең алдымен, алаңда емес, Парламент қабырғасында көтерілуі керек.

 

Руслан АХМАҒАНБЕТОВ,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы, PhD докторант