• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Пікір 31 Қаңтар, 2022

Қос реформа қатар жүреді

179 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Хабар 24» телеарнасындағы эксклюзивті сұхбатын мұқият тыңдадым. Онда осы жылдың қаңтарында елімізде болған оқиғалардың барлығы қамтылды.

Әңгіме ең алдымен Алма­ты қаласында орын алған оқи­ғаларға қатысты өрбіді. Бұл жер­де Қасым-Жомарт Тоқаев терро­ристік шабуылдардың ұйым­дасқан сипатын айғақтайтын кей­бір жайттар туралы айтып берді. Оларды өткізу үшін гас­тар­байтерлер ретінде Алматы әуе­жайына арнайы дайын­далған содырлар тобы келіп, ше­каралық бақылаудан өт­кен. Бұған қатысты Президент: «Бұл нағыз соғыс болды», деді. Бейбіт шерулердің артында тонаушылар мен бұзақылар, содан кейін қарулы бандиттер тұрды.

Журналистің осы ша­буыл­дар­дың ұйымдастырушысы кім екендігі туралы сұрағына орай Президент тергеудің аяқ­талуын күткен жөн екенін айтты. Бұл қасіретті қаңтардағы оқи­ғалардың толық көрінісін беруі керек құқық қорғау орган­да­рының миссиясы деп санайтынын жеткізді. Бұл, әрине, оған тән дипломатиялық тәсіл – асығыс қорытынды жасамау.

Президент қиын-қыстау сәтте оқу-жаттығуларда пысық­талып, қағазға жазылған тетік­тер «істен шықты» деп батыл айт­ты. Іс-қимылдың нақты алго­ритмі болған жоқ, күштік ведомстволардың кейбір басшылары қажетті шешімдер қабылдамағанын айтты.

Ол сондай-ақ ақпарат «май­­да­н­ындағы» сәтсіздікті мо­йын­­дады. Президент тапсыр­ма­ла­ры халыққа дұрыс түсіндіріл­мегенін жеткізді.

Мемлекет басшысы бұл күн­дері қиын шешімдер қабылдауға тура келгенін атап өтті. Менің ойымша, кез келген инсинуация аясында бұл оның өмірлік тәжірибесі, жоғары мәдениеті мен ақыл-ойынан хабар беретін қиын шешім болды. 

Елге, азаматтардың қауіп­сіз­дігіне жауапты Президент ретінде ол жағдайды өзгертуге және конституциялық тәртіп­ті қалпына келтіруге ықпал ететін шешімдер қабылдау ке­ре­­гін жеткізді. ҰҚШҰ бітім­гер­­шілік кон­тингентін Қазақ­стан­ға шақы­ру бір жағынан күт­­пеген және тиімді шешім бол­ды. Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, ол жағдай­ды тұ­рақ­тандыруда психология­лық рөл атқарды.

Қасіретті қаңтар сабақ­тарын ескере отырып, Мем­лекет басшысы кез келген қиын­дық­тағы сын-қатерлерге жауап бе­ретін ұлттық қауіпсіздік жүйе­сін қайта құру қажеттігі туралы мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев дипломат және тәжірибелі саясат­кер ретінде ел экономикасы мен оның азаматтарының игілігі үшін бейбіт ынтымақтастық қа­ғи­дат­тарына берік екенін растады.

Ол кадрлық тағайындауларға да тоқталып, оның барлығы тек басшылардың құзыреті мен іскерлік қасиеттерін ескере отырып жасалатынын айтты.

Президент парламенттік және партиялық жүйені өзгер­ту туралы ойымен бөлісті. Яғни экономикалық қайта құру­лар­мен қатар, саяси реформалар да жоспарда тұр. Демек бұл – қос реформа қатар жүреді деген сөз.

Осы қиын-қыстау күндерде Мемлекет басшысы бірнеше рет эфирге шығып, кәсіпкерлермен кездесуге, Қауіпсіздік Кеңе­сінің отырысына, Nur Otan пар­тия­сының съезіне, Мемлекеттер басшыларының саммитіне қа­тысты. Мұның барлығы, әрине, оның жауапкершілік сезімі және жағдайды объективті бағалауға, бастысы көруге және ақылға қонымды шешімдер қабылдауға көмектесетін ерекше саяси тәжірибесін аңғартады.

Біз, өз кезегімізде, осыны ұғына отырып, Президент жа­риялаған экономикалық, саяси және әлеуметтік реформаларды іске асыру үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз қа­жет. Бұл ретте болашақ үшін қай­та құрулар жолындағы сенім­ді негіз болатын бірлік пен тұ­та­с­тықты көрсету маңызды.

 

Юсуп КЕЛИГОВ,

ҚХА Кеңесінің, Нұр-Сұлтан қалалық Nur Otan партиясы Саяси кеңесі бюросының мүшесі