• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
Қазақстан 31 Қаңтар, 2022

Жақсысын үйренуіміз қажет

319 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында көп мәселенің басын ашып айтты. Соның бірі еліміздегі ірі кәсіпорындарға шетелден мамандар тартуды қысқартып, Қазақстан азаматтарын жұмысқа алу туралы болды.

Әрине, Президент «Ресей білім жүйесі, әсіресе техникалық білім саласы жақсы» екендігін айта келе, Қазақ елі Ресейдің «стратегиялық серіктесі, бізде ірі бизнес саласында бірлескен кәсіпорындар бар, сондықтан бізге Ресейде білім алған техникалық мамандар қажет» екендігін атап өтті.

Бұл Президенттің өзі атап көрсеткендей, Ресейде ғана білім алу қажет дегенді білдірмейді және Батыс елдерінде білім алғысы келген адамға ешкім кедергі келтірмейді.

Алайда Батыстың білім саласын идеалға айналдырудың қажеті жоқтығын меңзеді. Дана халқымыз «жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» дегендей, біз Батыстың да, Ресейдің де, тағы да басқа елдердің қай салада болсын, жақсы, озық тұстарын ғана екшелеп ала білуіміз қажет. Сондай-ақ оны өз ұлтымыздың ерекшелігін ескере отырып, қолданысқа дұрыс енгізе білсек игі. Осы тұста біз Болон үдерісі бойынша білім саласына енгізіл­ген өзгерістерге де қайтадан талдау жасағанымыз дұрыс деп ойлаймын. Батыс білім жүйесін енгізуде бізде кеткен қателіктерді түзету қажет. Осы уақытқа дейін жіберілген олқылықтарды ескеріп, білім жүйесіне түзетулер енгізетін уақыт жетті деп есептеймін.

 

Айтқали БАҚЫТОВ,

ҚазҰУ профессоры