Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
31 қаңтарда Бәйдібек ауданының Алғабас ауылынан 5 шақырым жерде орналасқан шаруа қожалығының аумағында екі қабатты ғимараттың өртенгені туралы хабарлама түскен.
Бірінші қабатында мал, екінші қабатында шөп тұрған. Өрт салдарынан 1 150 бас қой қырылып, 150 тонна шөп жанып кеткен. Оқиға орнынан қойшының денесі де табылыған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт 09.37-де оқшауланып, 10.23-те ауыздықталған. Өрт аумағы 781 шаршы метр болады. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өрт сөндіруге Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 15 өрт сөндірушісі мен 4 бөлімшесі жұмылдырылды.