18 ақпаннан бастап Ақтау мен Баку қалалары арасындағы тұрақты рейстердің орындалуы қалпына келтіріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, қазақстандықтар Әзербайжанға аптасына үш рет: дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері ұша алады.
Қазақстан аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия осындай шешім қабылдады.
Авиаұшулар Airbus A319 типті әуе кемесінде жүзеге асырылатын болады.
«Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және авиакомпанияның сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалатын болады», делінген ҚР Азаматтық авиация комитетінің хабарламасында.