Қазақстандық теннисші Александр Бублик Франциядағы Монпелье турнирінің бірінші айналымында голландиялық Таллон Грикспурды 7:6 (7:4), 7:6 (7:5) есебімен жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу 1 сағат 47 минутқа созылды.
Александр Бублик 20 эйс пен 6 қос қателік жіберіп, тоғыздан бір брэйк-пойнт жасады.
Екінші раундта Бублик франциялық Пьер-Юг Эрбер мен Германия өкілі Питер Гоевчик арасындағы матчының жеңімпазымен кездеседі.