• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағайындау 01 Ақпан, 2022

«ҚазАвтоЖолға» жаңа төраға тағайындалды

176 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Мейірхат Мейрамханұлы Қасымбаев «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.

Ол 1980 жылдың 21 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

Заңгер және қаржыгер мамандығының иесі. Лондон экономика және саясаттану мектебінде мемлекеттік басқару курстарынан өтіп, Сингапурда біліктілігін арттырған.

Мейірхат Қасымбаев 11 жыл құқық қорғау органдарында және мемлекеттік қызмет құрылымдарында түрлі лауазымдарда қызмет етті. Жол және инфрақұрылымдық құрылыс саласындағы еңбек өтілі 10 жылдан асады.