• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 01 Ақпан, 2022

АҚШ Беларусьтегі мемлекеттік қызметкерлердің отбасын эвакуациялады

197 рет
көрсетілді

АҚШ Беларусьтегі мемлекеттік қызметкерлерін эвакуациялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ Мемлекеттік департаменті «аймақтағы күтпеген жағдайға» байланысты Беларусьтегі америкалық мемлекеттік қызметкерлердің отбасы мүшелеріне елден кетуге бұйрық берді. 

«2022 жылдың 31 қаңтарында Мемлекеттік департамент мемлекеттік қызметкерлердің отбасы мүшелеріне (Беларусьтен – ред.) кету туралы бұйрық шығарды», делінген хабарламада. 

Мемлекеттік департамент Украина шекарасына жақын жерде Ресейдің әдеттен тыс әскери белсенділігінің күшеюіне байланысты Беларусьте жүрген немесе оған баруды жоспарлап отырған АҚШ азаматтарына жағдайды назарға алуды ескертті.