• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 01 Ақпан, 2022

Грузияда «ковид-паспорттарының» жүйесі жойылды

296 рет
көрсетілді

Грузия билігі қоғамдық орындарға бару үшін қажетті «ковид-паспорттары» жүйесін жойды. Бұл туралы коронавирус үйлестіру кеңесінің жедел штабының басшысы Георгий Гибрадзе мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Елде инфекцияның таралу саны едәуір артты және бұл жүйе қазір тиімді емес. Ел ішінде жасыл төлқұжаттар міндетті емес», деп түсіндірді Гибрадзе.

Оның айтуынша, «ковид-төлқұжаттары» шет елдерге барғысы келетін адамдарға әлі де қажет болады. Гибрадзе омикрон коронавирусының жаңа штаммымен жаппай жұқтырғанына қарамастан, жағдайды бақылауға болатындығын айтты.

«Жасыл паспорт» немесе «ковид-паспорты» - бұл азаматтың ковид-мәртебесі туралы мәліметтер енгізілетін электрондық құжат. Онда вакцинацияның толық курсынан өту, аурудың мерзімі, ПТР-тест нәтижелері жинақталған.