• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Елорда 01 Ақпан, 2022

Елордалықтар абаттандыру жұмысына өз идеяларын ұсына алады

250 рет
көрсетілді

Елордада аулалар мен қоғамдық кеңістіктер, соның ішінде саябақтар, гүлзарлар мен желекжолдар ауқымды түрде түрленеді. Қала тұрғындары Урбанистика орталығымен және әкімдік қызметкерлерімен бірлесіп, алдағы уақытта салынатын аулалар мен қоғамдық кеңістіктер тұжырымдамасын қызу талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада абаттандыру маусымы басталысымен жөндеу жұмыстарына кірісу үшін қазірдің өзінде қала тұрғындарымен кездесулер өткізілуде. Кездесуде әрбір адам алдағы уақытта салынатын аулалар мен қоғамдық кеңістіктер, саябақтар, гүлзарлар мен желекжолдардың тұжырымдамасы бойынша өз идеялары мен ұсыныстарын ұсына алады.

Жыл басынан бері аудандық әкімдіктердің барлығы Урбанистика орталығымен бірлесіп қала тұрғындарымен, оның ішінде елді мекендердің тұрғындарымен кездесулер өткізді. Мысалы, 19 қаңтарда Байқоңыр ауданының әкімі, қалалық мәслихат депутаттары ауданның белсенді тұрғындарымен кездесті, онда аула аумақтарын абаттандыру мәселелері қаралды. 29 қаңтарда Айдарлы, Құсмұрын 2, Жеті жол және К.Байсейітов көшесі 105, 107 тұрғындарымен аула кеңістіктерін абаттандыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, bmx, паркур, скейтбординг және фристайл сияқты экстремалды спорт түрлерінің кәсіби спортшыларымен кездесу өтті. Осылайша, қалада экстрим-спортты сүйетіндер үшін тартымды үш орын ашу жоспарланып отыр. Скейт-парктер құру жобалары райдерлер мен скейтбордшылардың пікірін ескере отырып жүзеге асырылады.

«Бұл кездесулер өз тиімділігін дәлелдеп, өзара байланысты жақсартуда. Мысалы, тұрғындардың қатысуымен әзірленетін, енгізілетін және іске асырылатын «Халықтық қатысу бюджеті» жобасын алайық. Жоба аясында қала тұрғындары аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру бойынша өз идеяларын ұсына алады. «Халықтық қатысу бюджеті» жобасы алғаш рет Сарыарқа ауданына енгізілді. Біз іс жүзінде жобаның бар екенін және тұрғындар оған қатысуға дайын екенін көрдік. Осы себепті «Халықтық қатысу бюджеті» жобасы қаланың басқа аудандарында да енгізілді», деді қалалық Урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкен.

Әрбір ауданда қала тұрғындары, Урбанистика орталығының және әкімдік қызметкерлері кіретін жұмыс топтары құрылуда. Тұжырымдаманы талқылағаннан кейін жобаны іске асыру қолға алынады. Жоба мен конкурс туралы толық ақпаратты аудандық әкімдіктердің ресми сайттарынан алуға болады.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов атап өткендей, шағын аудандар мен елді мекендердің тұрғындары кездесу барысында негізінен аула аумақтары мен қоғамдық кеңістікті абаттандыру мәселесін қозғайды. Осылайша, соңғы жылдары «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары аясында елордада 500-ден астам аула мен қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) салынды және абаттандырылды. Қаланың оң жақ бөлігі мен елді мекендерге баса назар аударылды.

Мемлекет басшысы абаттандыру жұмысында «Халықтық қатысу бюджетінің» үлесін арттыруды тапсырды.