• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Парламент 02 Ақпан, 2022

Депутат мемлекеттен ақша ала беретін компанияларды жабуды талап етті

3514 рет
көрсетілді

Мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбинов Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, мемлекеттен қайта-қайта қаржы сұрайтын ұлттық компанияларды жабуды талап етті, деп жазады Egemen.kz.

Берік Дүйсенбинов квазикәсіпорындардың жарғылық капиталы мен шығындары мемлекеттік бюджеттің миллиардтаған сомасынан құралып, тұрақты толықтырылып тұратынын айта келе, бірақ олардың жұмсалуы, яғни, офистер мен көліктерді ұстау, сыйақылар мен бонустар қалай бөлінеді – барлығы қоғамға да, Парламентке де жұмбақ екенін жеткізді.

Сонымен қатар депутат олардың қандай табыс тауып және оны қалай ұстайтындарын да ешкім білмейтінін алға тартты.

«Дәл осы жерде жүйелі бұзушылық орын алып, жемқорлық тамырын жаюда және мемлекет есебінен еш шектеусіз баю көзіне айналған. «Самұрық-Қазына» былай тұрсын, «Бәйтерек» қоры және министрліктер мен әкімшіліктердің маңайына үймелеген «СК-Фармация» қоры, «Парасат» холдингі, СПК сияқты қаптаған РГП, АО және ТОО-дан аяқ алып жүру мүмкін емес» деді ол.