Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.
Бүгін ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлер мәжілісі бейнеконференция форматында өтті.
«Отырыс қорытындысы бойынша шектеулерді толық алып тастағанға дейін ОПЕК+ елдерінің қазіргі мұнай өндіру деңгейін ай сайын тәулігіне 400 мың баррельге арттыруды жалғастыру туралы шешім қабылданды», деп жазылған министрліктің мәліметінде.
Мұның ішінде Қазақстанға белгіленген квота да артып отыр.
«Қаңтар және ақпан айларында ОПЕК+ шеңберінде Қазақстан үшін квота сәйкесінше тәулігіне 1,572 және 1,589 млн баррельді құрайды. 2022 жылғы наурыздағы міндеттемелер тәулігіне 1,605 млн баррельді құрайды», делінген министрлік таратқан хабарламада.