• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Ақпан, 2022

Бағдарламалар – жаңа мүмкіндіктер бастауы

363 рет
көрсетілді

Түркістан облысында жұмыс орындарын көбейту мақсатында ауқымды істер атқарылуда. Мысалы, 2022-2025 жылдарға арналған өңірдің жұмыспен қамту картасын бекіту қолға алынды. Бүгінде жауапты салалық басқармалардан 9 ұлттық жоба бойынша мәлімет жинақталып, 2022-2025 жылдары 145,9 мың жұмыс орнын ашу жоспарға енгізілді.

Бұл орайда облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жаңа жұмыс орындарын ашу аса маңызды әрі басты мәселе еке­ніне тоқталып, бағдарламаларды са­палы жүзеге асыруды тапсырды. Өңір­де өткен жылы мемлекеттік және са­лалық бағдарламалар аясында 40,1 мың жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып, нақты 54,2 мың жұмыс орны ашылған. Оның 20,3 мыңы тұ­рақты болса, 34 мыңы – уақытша жұ­мыс орындары. Осылайша, бе­кі­тілген жоспар 135,2 пайызға орын­­далды. Облыстық жұмыспен қам­ту­ды үйлестіру және әлеуметтік бағ­­дарламалар басқармасының бас­шы­сы Әсия Темірбаеваның айтуы­на қарағанда, былтыр «Еңбек» мем­лекеттік бағдарламасы арқылы 101 мың адамды жұмыспен қамту шара­ларына жолдау жоспарланып, 102 609 адам қатысты. Бағдарлама шең­берінде 900 адам қысқамерзімді оқу­ды аяқтап, оның 90 пайызы тұ­рақ­ты жұмысқа орналасқан. Атал­ған бағдарлама аясында 1 276 азамат 6 млрд 089,9 млн теңгенің ша­ғын несиесін алды. Шағын несие алу­­шылар тарапынан 1 402 жаңа жұ­­мыс орны ашылды. Түзілген келісім­шарттарға сәйкес шағын несие­леу жұмыстары 2022 жылдың нау­рыз айына дейін жалғасады. Жұмыс­қа орналасқандардың 83,8 пайызы­на міндетті зейнетақы жарнасы ауда­рылған. Жыл басындағы жағдай бо­йынша 42,3 мың отбасы немесе 237,5 мың адамға 12,3 млрд теңгеге АӘК та­ғайындалды, олардың ішінде еңбекке жарамды 68 367 адамның 52,6 мыңы жұмыспен қамтылған. Облыс әкімінің тапсырмасымен қол­ға алынған «Қамқорлық» бағдар­ла­ма­сы шеңберінде тұрмыстық қиын жағдайға тап болған 1 036 отбасына 308,5 млн теңгеге демеушілік қолдау көрсетілді, 33 отбасы тұр­ғын үймен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ облыста «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 3 370 мүм­кіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналасқан. Бұдан бөлек пробация қызметінде есепте тұрған 259 азаматқа квота берілген. Мысалы, Келес ауданында былтыр 4 500 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Оның ішінде пробация қызметінде есепте тұрған 21 және 200 мүмкіндігі шек­теулі азамат бар. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағ­­дар­ламалар басқармасының дере­гін­ше, мүгедектігі бар азаматтарды жұ­мыс­пен қамту шараларына биыл 3 мың орын бекітілген. «Еңбек» мем­ле­­к­еттік бағдарламасының талабына сәйкес биыл 2 800 азаматты кә­сіп­тік оқыту жоспарланған. Маман­дар­дың айтуынша, облыста 96 мың мүм­кін­­дігі шектеулі азамат бар, оның 58 мыңы еңбекке қабілетті, қазір 19 мың­­нан астамы тұрақты жұмыспен қамтылған.

Облыс бюджеті есебінен былтыр «Алғашқы жұмыс орны» бағдар­ламасымен – 229 адам, ал «Жас­тар практикасы» жобасымен 5 500-ден астам азамат жұмысқа орналас­ты­рылған. «Мемлекет басшысы Қ.То­қаевтың тапсырмасы бойын­ша «Жас­тар практикасы» бағдар­ламасының мерзімі 12 айға ұзартылып, еңбек­ақысы 91 890 теңгеге жетті. Соны­мен қа­тар «Алғашқы жұмыс орны» жоба­сының мерзімі 18 айға дейін ұзартылып, айлық мөлшері 91 890 теңгеге өскен. Биыл «2021-2025 жыл­­дары кәсіпкерлікті дамыту» ұлт­­тық жобасының іске асырылуы жан­­данады. Аталған жобаның бас­­ты мақсаты – азаматтардың өз ісін ашу мен дамытуына жағдай жа­сау, суб­сидияланатын жұмыс орын­дарын ұйымдастыру арқылы кәсіп­керлерді қолдау. Ұлттық жоба 10 мін­деттен тұрса, оның 3-і халықты жұ­мыс­пен қамту үшін жәрдемдесуге бағыт­талған», дейді басқарма басшысы Әсия Темірбаева. Жалпы, биыл ха­лық­­ты жұмыспен қамту шараларына 70 мың адамды тарту жоспарланса, 240 мыңнан астам аз қамтылған азаматты қолдау көзделген. Халықты жұмыспен қамту шараларына 22,6 млрд теңге қаралған. Оның ішінде «Жастар практикасына» 5 658 жас түлекті қатыстыруға 6,2 млрд теңге, «Алғашқы жұмыс орнына» 396 адамды тарту мақсатында 436,7 млн тең­ге қарастырылған. «Сондай-ақ өз ісін дамытуға мемлекеттік қолдау шара­лары аясында мемлекеттік грант­ты 2 765 адамға ұсынуға 3,4 млрд теңге қарастырылды. Аталған жұмыс­тар аясында 2022 жылы жұмыс­сыздық деңгейін 5,2%, жастар арасындағы жұмыссыздықты 3,6 пайыздан асырмау көзделуде. Аз қам­тылған азаматтарды қолдау бо­йынша атаулы әлеуметтік көмек көр­сету үшін 240,4 мың адамға 18,8 млрд теңге қаралды. Ал атаулы әлеу­меттік кө­мек алушылардың іші­нен жұмыспен қамтылуы тиіс азамат­тардың үлес салмағын 74,7 пайызға жет­кізу, сәй­кесінше кедейлік деңгейін 12,4 пайыздан асырмау белгіленді», дейді Әсия Құралқызы.

Облыста бүгінде көп­ші­лікті жұ­мыспен қамтып отырған 142 мыңға жуық, ал Түркістан қала­сы­ның өзінде 13 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді.

 

Түркістан облысы